Басты мақсат – балық шаруашылығын дамыту

Express Qazaqstan

© ЭК

Айдынды Арал ауданында жақсы дамыған кәсіптің бір түрі – балық шаруашылығы десек қателеспейміз. Бұл кәсіппен ертеден айналысатын ағайындар балықты аулап қана қоймай, оларды көбейту жолын да ұмытпаған,- деп жазды "Экспресс К". Бұл сөзімізге «Қамыстыбас балық питомнигі» анық дәлел бола алады.

"Қамыстыбас балық питомнигі" РМҚК 1966 жылдан бері жұмыс істейді. Кезінде Арал теңізі тартылып, балық қоры азайып бара жатқан тұста осы тоғандар іске қосылғаны белгілі. Мекеме директорының орынбасары Айдос Есепбаев қазіргі уақытта мұнда балықтың 3 түрі өсірілетінін жеткізді.

-Бүгінде мұнда ақ амур, дөңмаңдай және сазанның (карп) 15 млнға жуық шабағы өсірілуде. Аталмыш питомник Қызылорда облысы аймағындағы мемлекеттік тапсырыспен Арал өңірінің, Сырдарияның төменгі құйылысындағы балық аулау кәсіпшілігіне ыңғайлы табиғи су қоймалары мен көлдерді балықтандыру мәселесімен айналысып келе жатқан мекеме,-дейді Айдос Есепбаев.

© ЭК
© ЭК

Бүгінде Арал маңында су маржандарын өңдейтін 11 зауыт бар. Алайда соңғы жылдары сол өндіріс орындарында шикізат жетіспеушілігі байқалып отыр. Айтулы мәселені шешу үшін өңірде тауарлы балық қсіру аясын кеңейтуге бағытталған бірқатар жобаларді жүзеге асыру жоспарланған. Соның бірі — өткен жылы ашылған Ақшатау ауылындағы балық өсіретін инкубациялық цех. Бұл цехты қазалылық кәсіпкер Төребек Игіліков Арал ауданындағы серіктестерімен бірігіп ашқан.

Төребек Игіліковтың айтуынша, жалпы құны 40 млн теңге болатын цех ғаламдық экологиялық қордың қаржылай қолдауымен салынған. Жобаны жүзеге асыру үшін 11 млн қайтарымсыз грантқа да қол жеткізген.

© ЭК
© ЭК

Бүгінде балық өсіретін инкубациялық цехта көксерке, сазан, дөңмаңдай және ақ амур шабақтары өсіріліп жатыр. Заманауи құрал-жабдықтар Ресейден сатып алынған Балық уылдырығынан алынған дернәсілдер теңіздің Арал және Қазалы аумағындағы айдындарына жіберілетін болады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров