Алматы полицейлері онлайн концерт өткізді

Оскар БЕК

Бейнеден кадр

Жеңіс күніне орай Алматы қаласының полицейлері онлайн-концерт ұйымдастырды,-деп хабарлайды Экспресс-к.

Алматы қаласы полиция Департаментінің кадр саясаты Басқармасының хабарлауынша, концерт барысында Жеңістің белгісіне айналған Соғыс туралы әндер орындалды.

"Бұл әндер Отан үшін күрескен жауынгерлерімізге күш пен сенімділік сыйлады. Бұл жанрды құрметтеп, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз", — деді, Алматы қалалық ПД кадр саясаты Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Дінмұхамед Шелекбай.

Полиция сонымен қатар, биыл да, бұрынғыдай, карантиндік шараларды ескере отырып, мерекелік концерт онлайн режимінде өткенін атап өтті.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров