Мәскеу мектебіне Ә. Молдағұлованың есімін қайтаруды сұрайды

Express Qazaqstan

24.kz

Әлия Молдағұлова мергендер дайындайтын әйелдер мектебінің бірінші түлегі. Мектеп бертінге дейін батыр қыздың атында еді. Кейін бірнеше оқу орындары біріктіріліп, мектепте тек нөмірі ғана қалған.

Мергендер дайындайтын әлемдегі алғашқы әйелдер мектебі Вешнякидің Мәскеу ауданында 1943 жылы ашылған. Бірінші курсанттар қатарында Әлия Молдағұлова да бар еді. Ауданның көптеген тұрғындары оның атындағы мектептің (мерген емес, қарапайым мектеп), түлектері деп хабарлайды Хабар 24.

Мерген қыздың құрметіне 1987 жылы мектеп ғимаратында музей ашылды. Мұғалім Наталья Зайцеваның айтуынша, Әлия есімінің ол үш маңызы зор.

— Әлия — менің барым. Атам соғыстан оралғанда ол туралы айтқысы келмейтін. Тек өлер алдында: "қызым, қазақтар керемет адамдар, ол өте адал ұлт, достыққа та адал.Өзім дегеннің өзегінен теппейді.

деді.

Вешнякиде бірнеше мектеп біріктіріліп, аты аңызға айналған мергеннің есімін иеленген гимназия тек қана нөмір алған. Жергілікті тұрғындар мектепке Әлия Молдағұлова атын қайтаруды сұрап жатыр.

— Былтыр біз Жеңістің 75 жылдығы мен Әлия Молдағұлованың 95 жылдығына орай екі рет жүгіндік. Бұл атау қайтарылып, Мәскеуде тағы да оның атымен аталатын мектеп болады деп үміттенеміз.

дейді "Қазақ диаспорасы" қорының жетекшісі Полад Джамалов.

Бұған дейін Ақтөбе әуежайына аты аңызға айналған мерген қыздың есімі берілген болатын.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров