Алматы
Соғыссыз әлем балалардың көзімен


polisia.kz
Алматы қалалық полиция қызметтері мен бөлімшелері қызметкерлерінің балалары арасында Ұлы Жеңістің 76 жылдығын мерекелеу қарсаңында шығармашылық байқау ұйымдастырылды,-деп хабарлайды Экспресс-к.
Мектеп оқушылары өз суреттері арқылы бейбітшілік, өркендеу және тыныштық туралы айтты.
1-орын ЖӘАЖ рота командирінің орынбасары, полиция майоры Бауыржан Әбдіқаловтың ұлы Қуатбек Дәулетке берілді;
2 орынды Жанель Сейтқали алды, әкесі — Алматы, Түрксіб аудандық полиция Басқармасының қызметкері, полиция аға лейтенанты Жандос Қырғызбаевтың қызы;
3-орын Бостандық аудандық полиция Басқармасы ЖКП бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Нұрлан Сейсенбековтің қызы Медина Балтабековаға бұйырды.
Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар мадақтау қағаздарымен және естеліктермен марапатталды.


polisia.kz


polisia.kz




polisia.kz


polisia.kz
Бөлісу