Норвегияда қаза тапқан Кеңес сарбаздарын еске алды

Express Qazaqstan

© Ільяс ОМАР

Қазақстандық дипломаттар 9 мамыр күні Норвегияның Осло қаласындағы «Вестре гравлюнд» зиратындағы кеңес сарбаздарына арналған мемориалдық кешеннің алдына жиналды. Мұнда Норвегияда Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза болған 347 кеңес жауынгерінің құрметіне ескерткіш орнатылған, онда «Норвегия сіздерге алғыс айтады» жазуы жазылған.

© Ільяс ОМАР
© Ільяс ОМАР

Еске алу рәсіміне Норвегияда аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері, Норвегия жұртшылығы мен ұлттық орталықтардың өкілдері қатысты.

© Ільяс ОМАР
© Ільяс ОМАР

Кеңес әскері Норвегияның солтүстігін 1944 жылдың күзінде Петсамо-Киркенес операциясы аясында босатты. Қазақстан елшілігі осы операция қарсаңында және оның барысында қаза тапқан 67 қазақстандық сарбаздың есімін белгілеп, жариялады.

© Ільяс ОМАР
© Ільяс ОМАР

Сонымен қатар, Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында нацистік оккупацияланған Норвегия аумағындағы концлагерьлерде 100 мыңға жуық кеңестік әскери тұтқын болған. Айта кетерлігі, жақында елімізде әскери тұтқындарды жерлеу туралы деректер базасын цифрландыру басталды. Қазіргі уақытта біздің дипломаттар 56 қазақстандықтың жерленген орындары мен есімдерін анықтады. Ал кейбірінің туыстарымен байланыс орнатылды.

© Ільяс ОМАР
© Ільяс ОМАР

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров