Мәскеуде Ұлы Жеңіс күніне арналған дәстүрлі әскери парад өтті

Express Qazaqstan

Павел Бедняков / Известия

Бұл жолы Мәскеудегі әскери парадқа тек сырт ел басшыларынан -Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келді.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқының жеңісіне арналған басты әскери шеру әдеттегідей Мәскеудегі Қызыл алаңда өтті. Оған Ресей президенті Владимир Путин қатысты, деп хабарлайды Interfax.

Павел Бедняков / Известия
Павел Бедняков / Известия

Парад бас-аяғы бір сағат он минутқа созылды. Шараның ең керемет әсерлі тұсы — әуедегі ұшақтар. Өйткені, ауа-райының қолайсыздығына байланысты, ұшақтар шеруінің өту-өтпеуі соңғы минуттарға дейін белгісіз болды.

Парадқа 12 мыңнан астам адам қатысты. Өткен тарихтан сыр шететін, қазіргі заманғы және болашақта қолданысқа енетін әскери техниканың 190-нан астам үлгісі мерекелік шараға жұмылдырылды. Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай 76 ұшақ пен тікұшақ әуеге көтерілді.

Қызыл алаң бойымен 12 018 адамнан тұратын 37 жауынгерлік топ жаяу жүріп өтті.

Павел Бедняков / Известия
Павел Бедняков / Известия

Әскери оркестрдің құрамында 900 адам болды. Олар шеруді "Победа остается молодой" әнімен аяқтады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров