Меркель неміс халқының міндетін айтып берді

Express Qazaqstan

yahoo.com

Германия канцлері Ангела Меркель (Angela Merkel) нацистік режим кезінде қаза тапқан миллиондаған адамдарды еске алу неміс халқының мәңгілік міндеті деп санайды.

Еуропада екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы мен Германияның нацизмнен азат етілуінің 76 жылдығында Германия канцлері Ангела Меркель өткеннен сабақ ала отырып, оны ұмытпау қажеттігін атап өтті, деп жазады dw.com.

"1945 жылғы 8- мамыр азат ету күні болды. Бұл күн нацистік диктатураның және өркениеттік алшақтықтың — холокосттың аяқталуы. Ұлттық социалистік озбырлық жылдарында қаза тапқан миллиондаған адамдарды еске сақтау біздің мәңгілік міндетіміз болып қала береді", — деді канцлер. Оның сөздерін сенбіде Twitter-де ГФР министрлер кабинетінің ресми өкілі Штеффен Зайберт жазды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров