Павлодарда көпқабатты үйден төрт адамның мәйіті табылды

Express Qazaqstan

ТЖД

Олардың біреуі үй ішінде тірідей жанып кеткен болса, қалған үшеуі ыс тиіп қайтыс болған.

Қаладағы 10 қабатты үйден өрт шығып, тілсіз жау төрт адамның өмірін жалмады,-деп хабарлайды "Экспресс "

9 мамырда кешкі сағат 21:00-де Павлодар қаласы, Қамзин көшесіндегі үйлердің бірінен өрт шықты. Құтқарушылар келгенде, 10 қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерлердің бірі отқа оранғаны анықталған. Өрт сөндірушілер дереу іске кірісіп, қызыл жалынды 30 минутта толық сөндірді. Бірақ, барлау кезінде үйден 4 мәйіт табылды.

"Пәтерден бір әйелдің жанып кеткен мәйіті табылды. Ал баспалдақта ыс тиіп құлап жатқан бір ер адам мен баласы бар әйел адамның денесі табылды. Өлім жағдайлары және марқұмдардың жеке бастары анықталуда", — деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Тілсіз жау 56 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген екен. Оқиға орнында 28 адам мен 8 техника және, өрттің шығу себебін анықтайтын сынақ зертханасы жұмыс істеп жатыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров