Зымыран сынықтары Үнді мұхитына құлады

Express Qazaqstan

© Xihhua

Зымыранның қалдықтары елді мекендерге құлауы мүмкін деген қауіп сейіліп, ашық мұхитқа құлағаны анықталды.

"Чанчжэн-5б Y2" зымыран тасығышының соңғы сатысының сынықтары ("Ұлы жорық-5б Y2") жексенбі күні Бейжің уақыты бойынша 10:24-те жер атмосферасына қайта енді. . Олардың басым бөлігі өртеніп кетті. Бұл туралы Қытайдың ғарыштық бағдарламасының кеңсесі хабарлады, деп жазады Синьхуа агенттігі.

"Чанчжэн-5б" зымыраны 29 сәуірде болашақ қытайлық "Тяньгун" ғарыш станциясының негізгі модулін орбитаға шығарды.

Зымыранның құлауының ықтимал траекториясы әлеуметтік желілерде және халықаралық деңгейде белсенді талқыланды. Халықаралық сарапшылар орбитадан бақылаусыз өтуіне жол берген Қытай мамандарының немқұрайлығын қатаң сынға алды. Олар мұндай әрекетімен жер бетіне, әлем елдеріне қауіп төндірді деген ренішінтерін білдірді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров