Қазақстан
COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 344731, ЖАЗЫЛҒАНДАР 299528, ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 3926


©ЭК/Андрей ХАЛИН
Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 2 мың 142 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлады дүйсенбіде Сovid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).
Бір тәулік бұрын республикада COVID-19 оң ПТР көрсеткен 2 мың 350 жағдай анықталды, 22 адам қайтыс болды.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 344 731 жетті.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласында — 49123 (+324),
- Алматы қаласында — 60364 (+570),
- Шымкент қаласында — 10261 (+45),
- Шығыс Қазақстан облысында — 25762 (+87),
- Қарағанды облысында — 25782 (+251),
- Атырау облысында — 22618 (+62),
- Павлодар облысында — 22013 (+125),
- Алматы облысында — 23166 (+185),
- Батыс Қазақстан облысында — 20469 (+102),
- Ақмола облысында — 19637 (+130),
- Қостанай облысында — 14965 (+25),
- Солтүстік Қазақстан облысында — 14180 (+11),
- Ақтөбе облысында — 9977 (+68),
- Жамбыл облысында — 8477 (+51),
- Маңғыстау облысында — 6163 (+55),
- Түркістан облысында — 5714 (+29),
- Қызылорда облысында — 6060 (+22).
Елімізде барлығы 299 528 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
Бөлісу