Еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

«Қазгидромет» РМК-сы мамырдың 10-ны күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Экспресс К».

ҚР басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр, солтүстіктің, орталықтың кей жерлерінде жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, найзағай, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жел 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерінде найзағай болады, Солтүстік Қазақстан облысында тұман, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде Ақмола облысында жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерінде екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерінде найзағай, тұман, дауыл күтіліп, бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі, найзағай, тұман күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі.

Алматы, Түркістан, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай, желдің 15-22 м/с күшеюі, Қостанай облысында — тұман күтіледі, Алматы, Түркістан облыстарында бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров