Есірткі сатушылар еркінсіп кеткен бе?

Express Qazaqstan

facebook.com/kyzylorda

Қызылорда қаласында синтетикалық есірткінің жарнамасы көбейіп кетті. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінде Жамилия Қасымхан есімді желі қолданушы видео жариялады деп,-жазады "Экспресс К"

Желі қолданушысының айтуынша, биыл ақпан айында облыс орталығындағы осындай жарнамалар мәселесін көтерген. Сол кезде облыстық полиция департаменті оларды өшіріп, polisia.kz бұл шараларды сайтына жариялапты.

— Бүгін Сырдария ықшам ауданында тұратын танысыма келе жатып, SK синтетикалық есірткісінің жарнамасы әр тұрғын үйдің бұрышында жазылып тұрғанын көрдім. Айтуға күлкілі, бірақ полиция пункті орналасқан ғимараттың екі жерінде осындай жарнама үлкен әріптермен көзге ұрып тұр,-дейді Жамилия Қасымхан.

Олар мән-жайды айтып полиция пунктіне жолыққан. Алайда, тәртіп сақшылары мұндай қабырға жазбаларының есірткі жарнамасы екенін түсінбегенге немесе мүлдем көрмегенге ұқсайды. Демек, олар өз аумақтарын шолып шықпайды. Бұл маңда қанша бақылау камерасы бар, есірткі сатушы вандалдарды дереу анықтауға болар еді. Бірақ жедел басқару орталығы басқаша жұмыс істейді екен,- деген пікір білдіреді жазба авторы.

Бұл жазба мен видеоға қатысты желі қолданушылары да пікір қосқан.

Жұртты елең еткізген видео мен жазбаға қатысты облыстық полиция департаменті жауап жазды. Бұл ақпараттың бақылауға алынғанын және тиісті тапсырмалар беріліп, шара көрілетінін айтқан облыстық полиция департаментіндегілер.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров