Тағы бір бала кәріз құдығына түсіп кетті

Express Qazaqstan

Әлеуметтік желіден

Балаларды қараусыз қалдырудың соңы қайғылы аяқталуы мүмкін. Сәл уақытқа көзден таса қалған кішкентайлардың оқыста ауыр жарақаттану жағдайлары аз емес. Соңғы бірер күнде Қызылорда облысында балалардың қатысуымен бірнеше оқыс оқиға тіркелді,-деп жазды "Экспресс К".

Шиелі ауданының Қодаманов ауылында 2 жасар бала үй ауласындағы кәріз құдығына түсіп кеткен. Ата-анасы дер кезінде байқап, өз күштерімен шығарып алған. Суға тұншыққан сәби аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр деп,-мәлімдеді облыстық өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Ал, Сырдария ауданы, Амангелді ауылындағы Жетікөл су арнасына 5-сынып оқушысы батып кеткен. Өкінішке орай ауыл тұрғындары баланы судан өлі күйінде алып шыққан. Қызылорда қаласында бір жасар сәби бес қабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтер терезесінен құлап кетті. Ауыр жарақаттанған бала бүгінде облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр,-делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров