Көпірден секірген мас жігітті полицейлер құтқарып қалды

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Полиция қызметкерлері оқиға орнына жеткен сәтте жас жігіт көпірден секіріп кетті. Елордада мас жігіт «Қазақстан» спорт кешенінің маңындағы көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал оқиға сәтінде түсірілген видео Instagram желісіндегі kris.p.astana парақшасында жарияланды.

Оқиға 9 мамыр күні таңғы уақытта болған және көпірден суға секірген адамды полиция қызметкерлері құтқарып қалды.

"9 мамыр күні сағат 04:30-да полиция департаментінің жедел басқару орталығына ер адамның Қажымұқан көшесінің бойындағы "Қазақстан" спорт кешені маңындағы көпірден секіргелі жатқаны туралы хабар түсті. Полицейлер оқиға орнына жеткен сәтте жас жігіт көпірден секіріп үлгереді", — делінген хабарламада.

Жігітті құтқару үшін тәртіп сақшылары да суға түсіп, оны қауіпсіз жерге шығарған.

Тексеру нәтижесінде 22 жастағы астана тұрғыны мас күйде болғаны анықталды.

"Оқиға орнында дәрігерлер көмегі ұйымдастырылды және қазіргі кезде оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", — деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров