Жоғарғы технологиялар мен аспандағы белгілер (ВИДЕО)

Express Qazaqstan

tvernews.ru

Кеше Ресейдің Тверь қаласында Жеңіс күнін тойлау кезінде көрермендерге әсерлі шоу көрсетілді, онда мыңдаған жарық шашқан дрондар Ржев мемориалының үстінде көтерілсе, Николаевта нағыз мистикалық оқиға болды, деп хабарлайды "Экспресс К" RT мен TK Union сілтеме жасап.

Тверьде жарық шашқан дрондар шоуының көрермендері қараңғы аспанда соғысқа байланысты түрлі фигураларды тамашалады. Аспанда солдаттар, жұлдыздар, тырналар мен ұлы соғыстың басталуы мен аяқталу күндері жарқырап бейнеленді.

Николаевта, Ольшан батырларына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі кезінде Расул Гамзатовтың өлеңіне жазылған әйгілі "Тырналар" әні шыққанда аспанда тырналардың екі тізбегі пайда болып, алаңды айнала ұшты.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров