Қазақстандағы киіктердің саны 217 мың басты құрайды

Express Qazaqstan

rgo.ru

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр киіктердің әлемдік популяциясының 95 пайыздан астамы дәл Қазақстан аумағында өмір сүретінін хабарлады. Депутаттық сауалға жауап ретінде Премьер-Министрдің орынбасары Орал популяциясының мекендейтін жерлерін сақтау үшін "Бөкейорда" мемлекеттік табиғи резерваты мен Ащыөзек мемлекеттік табиғи қаумалы құрылатынын атап өтті.

Батыс Қазақстан облысында МТР мен қаумал құру үшін орындалатын жұмыстар:

Штаттық саны 78 бірлік, 343 040,1 га алқапта резерват және жалпы алаңы 314 504 га қаумал құру үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді және мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы алынды;

"Республикалық маңызы бар Ащыөзек мемлекеттік табиғи қаумалын және Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Бөкейорда "мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы " Үкімет қаулысының жобасы әзірленді";

Мемлекет басшысы МТР мен қаумалдың жұмысы үшін штат санын бөлуді мақұлдады;

2021 жылға арналған МТР мен қаумалды құру үшін бюджеттік өтінім қалыптастырылуда.

МТР құрылғаннан кейін Михаэль Зукков Қоры мен Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы қолданыстағы "Эльтон көлі" қорығы (РФ Волгоград облысы) мен жоспарланған резерват негізінде трансшекаралық Қазақстан-Ресей биосфералық қорығын құруды қолдауға дайын. Бұдан бұрын хабарланғандай, БҚО-да киіктің төлдеуі басталды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров