Мотоцикл жүргізушісі велосипедпен келе жатқан баланы қағып кетті

Express Qazaqstan

autoevolution.com

Байғанин ауданы Қарауылкелдіде он жастағы баланы «Рейсер» маркалы мотоцикл мінген 27 жастағы жүргізуші қағып кетті. Мотоциклдің мемлекеттік номері жоқ. Жарақат алған бала аудандық аруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «Экспресс К».

Оқиға жетінші мамыр күні болған. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы жылдары мотоцикл жүргізушілерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары көбейген. Ата-аналардың балаларын қараусыз жіберуі, жас жүргізушілердің жол ережесін білмеуі секілді жағдайлардың соңы жол апатына әкеледі.

Облыстық полиция департаменті мотоцикл жүргізушілеріне, жаяу жүргіншілер мен велосипед жүргізетіндерге жолда абай болу керектігін, жол ережесін сақтау керектігін ескертеді. Өйткені бұндай жол апатының салдары өте ауыр.Сондықтан барынша қауіпсіздікті сақтаған жөн.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров