«Секірсең болды!» – биік ғимараттағы өрттен құтқарудың жаңа жүйесі

Express Qazaqstan

arpas.uk

Өте биік ғимараттарда өрт болғанда сыртқа шығатын баспалдақ от құрсауында қалса, адамдарды қалай құтқаруға болады? Бір топ қытай студенті осы мәселені шешуге тырысқан. Сөйтіп, олар құтқарушы дронды ойлап тапты. Бұл дрон төтенше жағдай болған кезде қауіп-қатерге тап болған адамға жақындап барады да, төмендеу тұстан сақтандырғыш торды аша қояды. Апаттан аман қалу үшін соған секіру керек. Сосын құлтемірлер оны қауіпсіз жерге алып барады. Бұл жүйе туралы arpas.uk басылымы жазып отыр.

Қазір әлемде көк тіреген ғимараттар көптеп салынуда. Сондықтан өте биікте өрт шығу дерегі көбейіп жатыр. Негізі, мұндай нысандардың өртке қарсы жүйесі мықты болады. Бұл адамдардың одан түтін мен ыстық өтпейтін ішкі баспалдақтар арқылы арқылы шығып кетуіне мүмкіндік береді.

arpas.uk
arpas.uk

Бірақ кейде оның да іске аспай қалатын кездері бар. 2017 жылдың 14 маусымында 24 қабатты Grenfell Tower ғимаратынан өрт шықты. Осындай кезде сыртқа шығатын баспалдақ отқа оранып, көп адам сонда қалып қойған. Кей тұрғындар терезеден секіріп кетіп жатты. Өрт салдарынан 70-ден аса адам қаза тапты. Ал 2010 жылғы 15 қарашада Шанхайдағы биік ғимаратта от тұтанды. Онда да адамдар қызыл жалын құрсауында қалды. Мұндағыларды тікұшақпен құтқаруға тырысқан. Бірақ қою түтіннің кесірінен бұл мүмкін болмады. Сөйтіп, 58 адам өрт салдарынан ажал құшты. Жалпы, мұндай оқиғалар аз болып жатқан жоқ.

arpas.uk
arpas.uk

Қытайда бір топ студент осындай өрт кезіндегі өлім-жітімді болдырмау үшін Net Guard жобасын дайындады. Ол ыңғайлы әрекет жасайтын төрт дроннан құралған. Олар биік ғимаратта өрт шыққан жағдайда от құрсауында қалған адамға жақындайды да, құтқару торын аша қояды. Әлгі адам тек соған секірсе болғаны. Сосын оны дрондар төменге алып барады. Осы жүйені жасаушылар құтқару операциясы бірер минут қана уақыт алады деп отыр. Өйткені дрондардың қиын жағдайда қалған адамды табатын қондырғысы мен оны тордан құлап кетуден қорғайтын теңгеру жүйесі бар.

arpas.uk
arpas.uk

Бұл дрондар бір жолы бір ересек адамды ғана ғана алып түсе алады екен. Алайда болашақта молырақ жүк көтеретін, яғни бір барғанда бірнеше адамды әкететін үлгілері жасалуы мүмкін. Оның үстіне мұндай дрондар кейін жедел жәрдем қызметіне де қосыла алады деген болжам бар. Олар бағдаршам мен кептелісте бөгелмей, адамдарды ауруханаға әуемен шұғыл алып барады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров