А. Бублик әлемдегі үздік 40 теннисшінің қатарына кірді

Express Qazaqstan

© Getty Images

Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) дүйсенбі күні жаңартылған рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик өз спорттық жолында алғаш рет үздік 40 теннисшінің қатарына кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші 44-тен 40-орынға көтерілді. Оның бұған дейінгі үздік көрсеткіші 42-саты болатын.

Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин 105-тен 103-ке жоғарыласа, Дмитрий Попко 180-нен бірден 193-сатыға сырғып кетті.

Әлемдік рейтингте сербиялық Новак Джокович көш бастаса, ресейлік Даниил Медведев испаниялық Рафаэль Надальды үшінші орынға ығыстырды.

А.Бублик Рим мастерс турнирінде табысты ойнаса, өз көрсеткішін жақсарта алады. Ол бүгін алғашқы айналымда хорватиялық Марин Чиличпен ойнайды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров