180 палестиналық жарақат алды

Express Qazaqstan

© AP

Иерусалимдегі Ғибадатхана тауындағы әл-Ақса мешітінің жанында полициямен қақтығыс кезінде тағы 180 палестиналық жарақат алды. Бұл туралы "Экспресс К" Қызыл Жарты Ай өкілдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Жарақат алған сексен адам Иерусалимдегі ауруханаларға жеткізілді, Қызыл Жарты Ай қызметкерлерінің арасында да жарақат алғандар бар", — делінген хабарламада.

Палестиналық ақпарат көздерінің хабарлауынша, полиция негізгі күштерін мешітке тартқан, мергендерді аулаларға орналастырған және палестиналықтарды әл-Ақса аумағынан шығару үшін көз жасаурататын газ қолданған. Бірнеше адам ұсталды.

Шығыс Иерусалимдегі қақтығыстардың тоқтайтын түрі жоқ. Жаппай тәртіпсіздік Шейх Джаррах ауданында басталып, 7 мамырда кешке ғибадатхана тауында жалғасты. Қызыл Жарты Ай өкілдерінің мәліметінше, соңғы күндері 300-ге жуық палестиналық жарақат алды. Израиль полициясы кем дегенде құқық қорғау органының17 қызметкері жарақат алды деп хабарлады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров