Өзгенің атынан несие рәсімдеген алаяқ сотталды

Оскар БЕК

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Азаматтарға онлайн несие рәсімдеген алаяқ 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды,-деп хабарлайды Экспресс-к Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қалалық ПД тергеу Басқармасынан хабарлағандай, Медеу ауданының полиция Басқармасына Қазақстан Республикасының 90-нан астам азаматы 1987 жылы туылған А.Б.Нүркенова азаматшаның жасаған алаяқтық фактісі бойынша жүгінген.

"Көрсетілген адам алдау және сенімге қиянат жасау арқылы жәбірленушілердің жеке деректерін алып, содан кейін шағын несиелік ұйымдардан олардың атына несие рәсімдегені анықталды. Алдын ала тергеу барысында күдіктінің кінәсі толық дәлелденді. Істің сотқа дейінгі тергеуі аяқталды. Сот үкімімен А.Б.Нүркенова кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды", — деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Рүстем Әбдрахманов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров