Бүлдіршін басымен ыдысқа кептеліп қалды

Express Qazaqstan

Әлеуметтік желіден

Шымкентте бір жарым жасар қыздың басына ыдыс кептеліп қалды,- деп жазады “Экспресс-К”.

Метал кәстрөлмен ойнап жүрген қыз басына ыдысты киіп, кейін қайта шеше алмай қалған. Қорыққан анасы құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

— 15 минуттың ішінде қыздың басына иіліп қалған ыдысты біздің мамандар ешбір зақымсыз алып шықты. Қыз қатты жылап, кейін шаршаған кезде ұйқыға кетіп, сосын барып қана өсімдік майын пайдалана отырып, темір ыдысты алып шықты,- деді Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар Департаментінде.

Қазір қыздың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров