Мерт болған құтқарушының денесі 35 күннен кейін табылды

Express Qazaqstan

ТЖД

Жамбыл облысының Шу ауданында қызметтік міндетін атқару кезінде сүңгуір қайтыс болды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 2021 жылғы 3 сәуірде болған еді. Жамбыл облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Жұмағали Жеңісбекұлы Шу ауданындағы Тасөткел су қоймасында 1997 жылы туған азаматты іздестіру жұмыстарына қатысқан. Ауа райының қолайсыздығы, желдің күшеюінен құтқарушы мінген қайық аударылып, іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде Жұмағали Абдрахманов жоғалып кетті. Сүңгуірді іздестіру-құтқару жұмыстарына Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы қатысып, дереу іздеуді бастады.

— 10 мамыр күні сағат 12:20-да Шу ауданында, Тасөткел ауылынан 3 шақырым жердегі Тасөткел су қоймасында жедел құтқару жасағының күшімен іздестірілген жұмыс нәтижесін берді. Қалың қамыс аймағында іздеу орнынан 500-600 метр қашықтықта акваторияны тексеру кезінде 1970 жылы туған бас құтқарушы Ж.Ж. Абдрахмановтың денесі табылды, — деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли

ТЖД
ТЖД

Марқұмды іздестіру жұмыстарына Алматы және Жамбыл облыстарынан 130-дан астам маман қатысқан. Іздеу жұмыстары 1 кинологиялық есеп, 16 бірлік техника, 2 тікұшақ, 9 жүзу құралы, 1 пилотсыз ұшу аппаратының күшімен атқарылды. . Сондай-ақ бұл іске волонтерлар да жұмылдырылды.

Нәтижесінде 35 күннен кейін құтқарушы Жұмағали Абдрахмановтың денесі табылды. Жұмағали Жеңісбекұлы азаматтық қорғау органдарында мүлтіксіз қызмет еткеніне 20 был болыпты. Отбасылы, екі баласы бар.

Жалпы 1995 жылдан бастап қызметтік міндетін атқару кезінде 54 құтқарушы мен өрт сөндіруші қайтыс болды деп мәлімдейді ведмоство баспасөз қызметі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров