Атырау
Дәрігерлер суға батқан баланы құтқарып қалды
evo-rus.com
Атырауда Жайық өзеніне батып кеткен 7 жасар баланы дәрігерлер аман алып қалды,- деп жазады “Экспресс-К”
9 мамыр күні 15:00 шамасында Атырау қаласы Ракуш ауылында Жайық өзеніне шомылып жүрген 7 жастағы ер бала өзеннен кері шыға алмай, батып кеткен. Алайда оны кездейсоқ ер адам құтқарып қалып, жедел жәрдем шақырған.
— Шақыртуға жедел медициналық жәрдемнің дәрігерлік бригадасы жіберілді. Дәрігерлер 8 минуттан кейін шақырту орнына болды. Тексеру кезінде зардап шеккен 8 жастағы баланың суды көп мөлшерде жұтқаны анықталды. Дәрігерлер оны облыстық балалар ауруханасына жеткізді,- деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әлия Жамитова.
Дәрігерлердің айтуынша, қазір баланың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Бөлісу