Полицияға қарсылық танытып, айыппұл арқалады

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Атырауда полиция қызметкеріне қарсылық танытқан жүргізушіге 291 700 теңге айыппұл салынды,-деп жазады “Экспресс-К”

7 мамыр күні түнгі 01:00 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері Азаттық көшесінде орналасқан "Бармаглот" мейрамханасының тұсынан маркасы "Ваз 2110" автокөлігін жолдың қарама-қарсы бағытына шыққаны үшін тоқтату кезінде, аталған автокөлік жүргізушісі полиция қызметкерлерінің тоқтату туралы заңды талабына бағынбай, қашып кеткен.

Алайда, полиция қызметкерлері аталған автокөліктің артынан еріп, Сырым Каженбаев көшесінен ұстайды. Алайда 23 жастағы көлік жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай қарсылық танытқан.

Сонымен қатар, қашқынның жүргізуші куәлігі де жоқ болып шықты.

— Нәтижесінде 23 жастағы көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚбтК-нің 667 бабының 1 бөлігімен (Полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбау) әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды. Одан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің 596 бабының 5 бөлігімен (Жүргізуші куәлігі жоқ күйде жолдың қарама-қарсы бағытына шығу), ҚР ӘҚБтК-нің 612 бабының 2 бөлігімен (Жүргізу құқығы жоқ күйде), 613 бабының 1 бөлігімен (Полиция қызметкерлерінің тоқтату талабын орындамау) әкімшілік хатттамалар толтырылып, барлығы 291 700 теңге көлемінде айыппұл салынды,- деді Атырау облысы Полиция Департаментінің ресми өкілі Мейірім Ердәулет.

Айта кету керек, сот қаулысымен жүргізуші әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров