Өрт салдарынан қайтыс болғандардың жеке басы анықталды

Express Qazaqstan

© Sputnik

Павлодар облысы ТЖД басшысының орынбасары Мейрамбек Батырқұлов онлайн баспасөз жиынында Қамзин көшесі, 364 мекенжайында 10 қабатты үйдегі үш бөлмелі пәтерде шыққан өрттен қаза болғандар жайлы мәлімет берді, деп хабарлайды «Экспресс К».

— Үш бөлмелі пәтердің жатын бөлмесінен өрт шығып, 70 шаршы метр аумақтағы заттар мен жиһаздар отқа оранған. Өкініштісі, төрт адамның мәйіті шықты. Олардың бәрі — бір отбасының мүшелері. Құтқару кезінде 1948 жылы туған 72 жастағы Виктор есімді ер адам үшінші қабаттағы лифтің жанынан табылды. Ал оның жұбайы — 1952 жылғы Нина пәтердің өрт шыққан жатын бөлмесінен табылды. Марқұмның денесі жанып кеткен. Олардың 1991 жылғы қызы — Людмила тоғызыншы қабаттың баспалдағынан, 2018 жылғы немересі жетінші қабаттың баспалдағынан табылды. Олар ұйықтап жатқандықтан өрттің шыққанын кеш білген болуы мүмкін, — деді Мейрамбек Батырқұлов.

Ведомство өкілі өз сөзінде қызы мен немересі төменгі қабаттағы қалың түтіннен жоғарғы қабатқа қарай қашқан болуы мүмкін деген болжамын жеткізді. Мейрам Батырқұловатың айтуынша түтінге қатты уланғандықтан әлсіреп, немересі жолда, ал Людмила тоғызыншы қабатқа жетіп құлаған болуы мүмкін.

Ведомство өкілі өрттің шығуына темекі себеп болуы мүмкін деген болжам жасалғанын мәлім етті.

— Бұл отбасы өрт шыққан пәтерді 2019 жылдан бастап жалдап тұрады. Көршілері Виктордың арасында спирттік ішімдік ішетінін айтты. Алайда пәтерден ішімдік бөтелкелер табылған жоқ. Дегенмен темекі қорабы шықты. Өрттің шығуына темекі тұқылының дұрыс сөндірілмеуі себеп болуы мүмкін, — деді департамент өкілі.

Құтқару жұмысы кезінде 25 адам эвакуацияланды. Оның төртеуі — бала. Спикер өрт сөндірушілер пәтердің терезесіне жақындау үшін кедергі болған көліктер қолмен жылжытылғанын айтты.

Айта кетейік, 9 мамыр күні Павлодар қаласындағы көпқабаты пәтерден өрт шыққаны туралы хабар 21:02-де түскен.

Оқиға орнына ТЖД-ның 24 қызметкері мен 9 техника жұмылдырылды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров