Орман өртеніп, бір адам қаза тапты

Express Qazaqstan

ТЖД

Тілсіз жау Риддер маңындағы орман алқабынан басталып, Лесхоз кентіндегі жер үйлерге тарады, деп хабарлайды "Экспресс К".

Бүгін күндіз Риддер маңындағы орманда қураған шөп өртеніп, тілсіз жау лезде жақын маңдағы жер үйлерді жайпады. Соның салдарынан Лесхоз кентіндегі 14 үй отқа оранып, екі адамды күйік шалды. Сондай-ақ, бір әйелдің мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

ТЖД
ТЖД

"Лесхоз кентінен 1949 және 1980 жылы туған екі ер адамды күйік шалып, жергілікті ауруханаға, жансақтау бөліміне жеткізілді. Полиция қызметкерлері 1948 жылы туған әйелдің мәйітін тауып алды. Қазір оның тұлғасы анықталып жатыр", — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар отқа орынған үйлерден 10 тұрғынды эвакуациялады. Өрт сөндірушілерге қызыл жалынды өшіруге қатты соққан жел қиындық тудырып жатыр. Отты өшіруге 118 адам, тіпті әуеден екі тікұшақ тартылды. Әуеден 17 500 текше метр су төкті. Дегенмен, тілсіз жау әлі сөндірілген жоқ.

ТЖД
ТЖД

Қазірдің өзінде орманның 310 гектар аумағы жанып кетті. Төтенше жағдай орнында орман шаруашылығы жеке құрамының, жергілікті атқарушы органдардың және ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері, 20-дан астам техника жұмыс істеуді жалғастыруда.

Мамандардың алдын ала болжамынша, тілсіз өрт қасақана тұталған немесе отты абайсыз қолдану нұсқаларынан шыққан.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров