Бір түнде 40 отбасының тұрмыстық техникасы жанып кетті

Экспресс К

Кернеуінен асқан тоқ көзінің салдарынан қымбат мүліктерінен айырылып, шығынға батқандар бағалы заттарының ақысын өндіруді талап етеді, деп хабарлайды "Экспресс К".

Келеңсіз оқиға қаладағы Мұрат саяжайында орын алған. Шығынға белшесінен батқандардың қатарын Құралай Бақытбекқызы бастап тұр. Түн ішінде кәсіпкердің дүкені өртеніп, таңға жуық лаулаған қызыл жалынды сатушы өз қолымен өшіріпті. Алайда, қызыл өрт дүкен ішін жалмап өткен. Сөреге қойылған қыруар заттан бөлек, тоңазытқыштар мен мұздатқыштар істен шыққан.

Құралай Бақытбекқызы

Семей қаласының тұрғыны

- Бес-алты холодильник, темекінің витриналары, тауарлар жанып кетті. Сондай-ақ дүкен ішіне жөндеу жұмыстарын жасамаса болмайды. Шығынын тіпті санап үлгермей жатырмыз. Мен осы жағдайға саяжайдағы жергілікті қоғамдық бірлестікті кінәлаймын. Өйткені, бұлар линиялардың барлығын, өздерінің балансына қойып алған. Алайда, қанша жылдан бері жөндеу көрмеген электр желілердің барлығы жалғанған, бағаналар құлайын деп тұр. Техникалық сапасы өте нашар. Олардың мұндай төмен жағдайда, бізге жарық беруге ешқандай құқықтары жоқ

КТМ: Тұрақсыз электр қуатынан Айғаным Қуанбаева да жәбір көріпті. Тұрмыстық заттарының кәдеге жарарлығы некен-саяқ. Өкініштісі, кір жуғыш машинасын сол күні ғана несиеге алып, толықтай қолданып та үлгермепті.

КТМ: Айғаным Қуанбаева, Семей қаласының тұрғыны:

- Бытовой техникаларымыздың бәрі өртеніп кетті. Стиралка новый болатын. Сатып алған болатынбыз сол күні ғана. Кір жуатын машинамен бірге, холодильник, микроволновка, аристон барлық тоқта тұрған нәрселеріміз өртеніп, жанып кетті. Бытырлап, тарсылдап жатқанын түнде алғашқы боп анам байқады. Қайта түнде телефондарымыз тоқта тұрмаған, әйтпесе оларда жанып кетер ме еді?!

Тұрғындар орын алған оқиғаға саяжайдағы электр қуатына жауапты "Семей Мұрат доверия" қоғамдық бірлестігін айыптайды. Ал бірлестік төрайымы істен шыққан трансформатордың Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компанияның қарамағында екендігін алға тартады.

СХР: Светлана Круглянченко, "СЕМЕЙ-МҰРАТ-ДОВЕРИЕ" қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

- Шыққан шығынды мемлекеттік органдар мен сот шешеді. Бағалы техникаларын өндіріп алғылары келсе, сотқа берсін. Әрі қарай, кім жауап береді? Мен бұл мәселеде құзіретті емеспін.

Электр қуатынан жапа шеккен тұрғындар кімге шағымданарын білмей дал. Олар алдағы уақытта, жалпы шығын санын анықтап, қала әкіміне баруды жоспарлап отыр

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров