Дәл қазіргі сағатта орман өртіне орай шұғыл желі іске қосылды

Express Qazaqstan

ТЖД

Қазіргі уақытта өрт орнында жергілікті атқарушы органдардың, ШҚО ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерінің және орман шаруашылығының жеке құрамынан 208 адам және 47 бірлік техника жұмыс істеуде. Жану алаңы 310 гектар.

От 35 үйді жойды, тағы 9 үй өрттен зардап шекті. Өртті жою үшін күштер мен құралдар жеткілікті. Оқиға орнына қосымша 3 автоцистерна мен 15 құтқарушы қосымша бара жатыр. Қажет болған жағдайда көмекке қосалқы техника тартылатын болады. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

ШҚО ТЖД қауырт желі телефоны жұмыс істеуде. Көмекке мұқтаж барлық адамдар 8(7232) 55-38-19 нөміріне қоңырау шала алады, онда психологтар зардап шеккендермен жұмыс істеудн. Сондай-ақ, ШҚО ТЖД Дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров