Өрттен зардап шеккен тұрғындар баспанамен қамтылады

Экспресс К

ТЖД

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Шығыс Қазақстанда орман өртінен зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды «Экспресс К».

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өрттен зардап шеккен Лесхоз кентінің тұрғындарына көмек көрсетіп, баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл мәселені Президент өз бақылауында ұстап отыр", — деп жазды Берік Уәли.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жанынан құрылған шұғыл желіге тұрғындар 8(7232) 55-38-19 нөмірі бойынша жүгіне алады. Аталған желі арқылы өрттен зардап шекендер мен олардың жақындарына психологтар көмек көрсетеді.

"Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Құтқарушылар Лихачев көшесінің 10 тұрғынын эвакуациялады. Өрт ошағында жеке құрамнан 100-ден астам адам мен 20 техника жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта жанып жатқан орман алаңы 300 гектардан асты", — делінген ШҚО ТЖД хабарламасында.

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли

ШҚО ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерінің және орман шаруашылығының жеке құрамынан 208 адам және 47 бірлік техника жұмыс істеп жатқанын мәлім етті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров