Белгілі адвокат көмек көрсетеді

Express Qazaqstan

Әсел Айтпаева / Айтпаевтар отбасынан алынған фото

Грузияның "Сафари" құқық қорғау ұйымы Айсұлу Айтпаеваға адвокаттық көмегін ұсынды. Тбилисида болған қылмыстық істе Грузиядағы танымал адвокат Нино Андриашвили қолға алады. Бұл туралы "НеМолчи" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Смаилова өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Белгілі болғандай марқұм болған Әсел Айтпаеваның туыстары «НеМолчи» қорынан да көмек сұрады

Нино Андриашвили / radiotavisupleba.ge
Нино Андриашвили / radiotavisupleba.ge

— Грузияда Әселдің анасына көмектескендердің барлығына үлкен рахмет, елшілік қызметкерлеріне, құқық қорғаушылар мен журналистерге көрсеткен қолдауы үшін өте ризамыз.

деп жазды Смаилова.

ЭК бұдан бұрын хабарлағандай, Айсұлу Айтпаева қызының денесін анықтауға және қылмыстық іс материалдарымен танысу үшін Грузияға ұшып келген. "НеМолчи" қоры басшысының айтуынша, құқық қорғау органдарымен барлық кездесулерде марқұмның анасы Тбилисидегі Қазақстан Елшілігі Консулдық бөлімінің өкілдері ертіп жүреді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров