Балаларды «ойнатамын» деп басы дауға қалды

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Балалар арасындағы мәселені төбелеспен шешкісі келген ересек адамның қылығы желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Нәтижесінде ер адам құқық қорғау органынан бір-ақ шықты.

Ойын алаңында келіспей қалған балалардың дауын 8 жастағы баланың әкесі "еркекше" шешуге үгіттеген. Бейнежазбада анық көрінгеніндей әкесінің сөзіне арқаланған бала қарсыласына жұдырық жұмсап, төбелеске шақырды. Салдарынан 11 жастағы бала жарақат алған.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша полицияға 37 жастағы қала тұрғыны жеткізілгенін, ол Бабатайұлы көшесіндегі ойын алаңында өзінің 8 жастағы баласымен келіспей қалған 11 жастағы баланы төбелесуге шақырғанын мәлімдеді. Осыдан кейін жұдырық астында қалған баланың анасынан кінәлі азаматқа шара қолдану туралы арыз түсті. Полиция сонымен қатар ер адамның әкімшілік жауапқа тартылғанын хабарлады.

Іс материалдары процессуалдық шешім шығару үшін мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды. Полиция департаменті ересектер тарапынан қоғамдық тәртіпті бұзу, өзгенің жеке басын сыйламау сияқты әркеттерге жол берілмейтінін ескертеді. Еліміздегі заңнамаға байланысты балалардың құқықтарының бұзылғаны, олардың денсаулығына зақым келтіргені үшін жауапкершілік қарастырылған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров