Атырауда тағы да 2 тонна балық қырылды

Экспресс К

© ЭК

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Шарон өзенінен шыққан жыра аумағында 2 тонна балық қырылды,-деп жазады “Экспресс-К».

— 9 мамырда Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлерімен рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде Құрманғазы ауданының, Құрманғазы ауылынан шамамен 20 шақырым жерде Шарон өзенінен шыққан жыра аумағында қамыстар арасынан қаракөз балықтарының қырылу фактісі анықталды. Жануарлардың қырылу қаупі және өлімі анықталған кездегі өзара іс-қимыл схемасына сәйкес барлық мүдделі мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы орган хабардар етілді,- деп хабарлады Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігіне қарасты Балық шаруашылығы комитеті.

Аталған аумақты тексеру барысында шамамен 2 тонна өлген балық анықталған. Жергілікті атқарушы органдар өлген балықты жерге көметін болады.

— Балықтардың қырылуы Шарон өзенінің өр суы кеш келуіне байланысты балық шабақтарының ағысқа қарсы жүзе алмауы себебінен болуы мүмкін.

деді Комитетте.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров