Д. Ахметов: Барлық зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетіледі

Express Qazaqstan

facebook.com / AkhmetovDanialkz

Өңір басшысы өрттен зардап шеккендермен кездесті, деп хабарлайды "Экспресс К". Даниал Ахметовтың айтуынша, Үкімет пен облыс әкімдігі тарапынан қажетті көмектің барлығы көрсетіледі. Өрттен зардап шеккен тұрғындардың барлығы үй алады. Бұл мәселені толық шешу үшін екі жарым ай қажет.

"Егер тұрғындар арасында қабатты тұрғын үйден бас тартып, ескі баспананы жөнде деп талап етсе, оны орындаймыз. Құжаттарды қалпына келтіру мәселесіне айтар болсақ, жергілікті полиция басқармасы мен ХҚКО-ғы бұл мәселемен ертеңнен бастап айналысады. Біз барлық құжаттарды біркелкі қалпына келтіретін боламыз", — деді Ахметов.

Сондай-ақ , өртенген мүлік шығыны есептеліп төлемдер заңға сәйкес жүзеге асырылады. Арнайы комиссия бар шығынды анықтап, өтемақы тағайындалады.

Өрттен зардап шеккендер әзірге агротехникалық колледждің жатақханасына орналастырылды.

"Өрт салдарынан қайтыс болған ауыл тұрғыны Галина Спивакованың отбасы мен достарына көңіл айтамын. Қайғыларына ортақпын. Алапат жалыннан зардап шеккен басқа тұрғындарға тезірек сауығып, ортаға оралуын тілеймін", — деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов.

Сөз соңында әкім өрттің себебін алдағы екі-үш күнде анықтауға уәде берді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров