Бублик Рим мастерс турнирінің екінші айналымына шыға алмады

Express Qazaqstan

eurosport.ru

Қазақстанның бірінші, әлемнің 40-шы ракеткасы Александр Бублик Рим мастерс турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші партияда барынша жинақы ойнаған қазақстандық теннисші есеп 2:2 болған мезетте брейк жасай білді. Содан кейін сетке доп бергенде, мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ — 6:4.

Екінші сетте есеп 3:2 болған кезде А.Бубликтің қателігінен кейін хорватиялық спортшы брейк жасап кетті — 4:2. Содан кейін тағы бір брейкпен бітірді — 6:2.

Үшінші, шешуші сәтте А.Бублик алдымен брейк-пойнтын пайдалана алмаса, М.Чилич ойын тізгінін уысынан шығарған жоқ — 3:1. Ақыры матчты эйспен тәмамдады — 6:3.

Бәсеке 1 сағат 44 минутқа созылды. Осылайша А.Бублик Римде биыл да М.Чиличтен айласын асыра алмады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Рим турниріндегі қарсыластары анықталғанын, Александр Бубликтің әлемдегі үздік 40 теннисшінің қатарына кіргенін жазған болатынбыз.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров