ТЖМ өрт болған алқапты әуеден шолып шықты

Express Qazaqstan

ТЖД

ШҚО-дағы алапат өртті әуеден шолып шыққанда қатты қызыл жалын байқалмаған. Тек ағаштар бықсып жатыр екен. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Марат Күлдіков мәлімдеді деп хабарлайды ЭК.

Таңғы сағат 7-де Лесхоздағы өрттің толық сөндірілгені мәлім болды. Ал орман алабында өрт әлі жалғасып жатыр.

Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамдағы 493 адам, 69 техника, 2 тікұшақ жұмылдырылған.

Тікұшақтар Нұр-Сұлтан мен Павлодардан ұшып шыққан еді.

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында болған алапат өрт салдарынан шаһар маңындағы Лесхоз елді мекенінің тұрғыны Галина Спивакова қаза тапты. Тағы екі адам аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров