«Үйміз өртеніп жатыр!». Тұрғындардың жан дауысы


©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
ШҚО-да алапат өртті сөндіру жұмысы жалғасуда. Лесхозда таңғы сағат 7-де сөгдірілгені белгілі болды. Айтарлықтай үлкен өрт болмағанмен, орман аймағында ағаш бұтақтары әлі де түтіндеп бықсып жатыр.
Ірі өрттен үйлері күлге айналған өңір тұрғындары мессенджер арқылы бір-біріне аудиохабарламалар жіберіп жатыр, деп хабарлайды ЭК.
"Біздің үй өртеніп кеткен шығар. Себебі ағаш кесетін орын қызыл жалынға оранып, өртене бастады".
"Қазірдің өзінде жұрт Эльдорадодан эвакуациялануда".
"(...) Барлық күш-жігерімізді салып күресеміз. ШҚО-ның барлық бөлімшесі осында жіберіледі".
Айта кету керек, өртті сөндіруге жеке құрамнан 493 адам, 69 бірлік техника, 2 тікұшақ жұмылдырылды.
Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында болған ірі өрттің салдарынан Лесхоз маңындағы кент тұрғыны Галина Спивакованың көз жұмғанын бұған дейін хабарланған болатын. Тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатыр.