Ақтөбеде үш адам суға батып кетті

Express Qazaqstan

bloknotanapa.ru

Күннің жылынғанына көп бола қоймаса да Ақтөбеде үш адам суға батып кетті. Бірінші қайғылы оқиға Қобда ауданында болған. 1996 жылғы азамат мас күйінде суға түсіп, батып кеткен, деп хабарлайды «Экспресс К».

Құтқарушылардың күшімен азаматтың денесі 4 метр тереңдіктен жағаға шығарылды. 8 мамыр күні Ақтөбе қаласы, Чекалин көшесі, 6-шы түрме маңындағы өзеннен белгісіз адамның денесі табылған. Хабарлама түскен бойда құтқарушылар жедел жетеді. Жіңішке өзені жағасынан 2 метр қашықтықта және 1 метр тереңдіктен 1944 жылы туған әйел адамның денесі судан шығарылады. Қаза болған азаматша сырт киіммен болған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Соңғы жағдай 9 мамыр күні Хромтау ауданындағы Ойсылқара өзенінде тіркелген. Аудандық полиция бөлімінің мәліметіне сәйкес, 1960 жылы туған азамат жолдастарымен балық аулауға барып, мас күйінде сырт киімімен суға түсіп кеткен. 61 жастағы азаматтың денесі қасында болған куәгерлердің күшімен жағаға шығарылған.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғындар құтқарушылардың ескертуін елемейді, қауіпті жерлерде шомылады. Департамент қызметкерлері, тұрғындарға мас күйінде суға шомылуға және тексерілмеген, белгіленбеген жерлерге суға түсуге болмайтынын ескертеді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров