Елордада COVID-19-ға қарсы вакцинаны қанша адам алды?

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Нұр-Сұлтанда вакцинациялау басталғаннан бері 1-компонентпен 128 мың 700 адам, 2-компонентпен 52 000-нан астам адам вакцинацияланды. Бұл туралы «Экспресс К» елорда әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта вакцинация пункттері медициналық ұйымдарда да, қаланың сауда кешендерінде де ашылған. Осылайша, егу пункттері көшпелі бригадалар арқылы үш есе ұлғайтылды.

Қала бойынша сауда орталықтары мен сауда кешендеріндегі пункттер саны — 9. Олар "Mega Silk Way", "Keruen", "Хан Шатыр" және "Абу-Даби Плаза" сауда ойын-сауық орталықтары, "Азия Парк" және "Биг Шанхай" сауда кешендері, Орталық базар, "Әлем" және "Артем"сауда орталықтары. Аталған егу аймақтарында шамамен 14 000 азамат вакцинацияланды.

Вакцинация пункттерінің кеңеюіне байланысты МСАК ұйымдарының жұмыс уақыты бұрынғысынан қысқарып, сағат 08:00-22:00 аралығын құрады, ал СОО-ларда жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады — сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін.

Сондай-ақ, қалалық МСАК ұйымдарына QazVac отандық вакцинасының қалған дозалары таратылды. Бұл дозалар бірінші кезеңде алған азаматтардың жартысын вакцинациялауға арналған. Еске сала кетейік, сәуір айының соңында елордаға 6 000 қазақстандық препарат келіп түскен болатын.

Сол сияқты ресейлік "Спутник" вакцинасының қазір 90 000-нан астам дозасы бар.

Қытайдан жеткізілген 7 400 дозаның қазір 6 700-ге жуық дозасы қалды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жақында басқарма қоймаларына Sinofarm Hayat-Vak вакцинасының тағы 7 400 дозасы жеткізіледі.

Препараттардың дозаларын жеткізу кестеге сәйкес, сондай-ақ СК-Фармация және ҚР ДСМ тәртібі бойынша жүзеге асырылады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров