ШҚО-дағы ірі өрт: күдікті Риддер қаласының 35 жастағы тұрғыны

Express Qazaqstan

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

- Өрт оқиғасына қатысы бар күдікті ұсталды. Бұрын сотты болмаған, жасы 35 те. Риддер қаласының тұрғыны. Оның абайсыз әрекеттері осындай ауыр салдарға әкелді,- деп мәлімдеме ШҚО ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті 10 мамырда отты пайдалануда абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтіру фактісі бойынша (ҚР ҚК 204-бабының 2-бөлігіне сәйкес) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталғандығын мәлімдеген болатын.

Бұл бап бойынша айыпталған азамат екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл төлейді немесе екі жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айрылады.

Полиция департаменті құрған арнайы жедел-тергеу тобының қызметкерлері бейнежазбаларды зерделеп, куәлардың жауаптарын мұқият тексеріп тиісті сот сараптамаларын тағайындады.

Қылмыстық істі тергеу ішкі істер министрлігінің жеке бақылауына алынды.

Өзге ақпарат Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды, — делінген ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров