Егін алқабын неліктен су басты? Әкім түсінік берді

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Қостанай облысында кешелі бері әлеуметтік желіде су басқан егістік алқабы түсірілген бейнежазба кең тараған болатын.

Видео Арқалық қаласына қарасты Ашутасты ауылы маңында түсірілген. Су қайдан келген? Елді мекенге қаншалықты қауіп төніп тұр? Осы сұрақтарға Ашутасты ауылдық округінің әкімі Абылай Тұрғанов жауап берді.

"Толассыз үш сағат жауған нөсер салдарынан жергілікті серіктестікке тиесілі егістік алқабының бір бөлігіне су жиналған. Бригада басында жүрген 16 жұмысшы К-700 тракторымен жаңбыр жауған күні ауылға аман-есен жетті. Ешкім зардап шеккен жоқ. Егінге де зияны тимеді. Қайта пайдасы бар. Себебі ол жерге жыл сайын егін дұрыс шықпай жүрген еді, қайта жақсы болды. Жауғанына қуандық. Қазір су кеуіп үлгерді", — дейді Абылай Тұрғанов.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров