Ресейден жеңіспен оралды

Express Qazaqstan

©ЭК

Қостанайлық оқушылар «Адам-Жер-Ғарыш» атты ХХІ Бүкілресейлік оқу және ғылыми-зерттеу жобаларының олимпиадасында топ жарды, деп хабарлайды "Экспресс К"

2021 жылдың 3-7 мамыры аралығында Королев қаласында (РФ, Мәскеу облысы) оқушылар мен жастардың "Адам-Жер-Ғарыш" атты ХХІ Бүкілресейлік оқу және ғылыми-зерттеу жобаларының олимпиадасы ("Созвездие" олимпиадасы) өтті.

© ЭК
© ЭК

Олимпиадаға Ресей Федерациясының 45 өңірінен және Қазақстан Республикасының 2 өңірінен (Қостанай және Алматы қалалары) оқушылардығ жобалары ұсынылды.

Республикалық жобалар конкурсының облыстық кезеңінің жүлдегері "Озат" мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Николай Ибрагимов облыс намысын қорғады. "Ол "Аэропоника" жобасымен "Флора мен фауна" секциясында жеңімпаз атанды.

© ЭК
© ЭК

"Созвездие" олимпиадасының қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитеті мүшелері марапаттауда Қазақстаннан барған қатысушылардың жобалары жоғары деңгейде екенін атап өтіп, Олимпиаданың бас жүлдесін берді. Николай мен оның ғылыми жетекшісі Карина Нұғыманованы халықаралық деңгейде табысты өнер көрсетуімен шын жүректен құттықтаймыз", — деп жазды Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы баспасөз қызметі өкілі Анна Лазарева.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров