Ақтау
Ақтауда үш көлік өртеніп кетті


ТЖД
Ақтауда үш көлік соқтығысып, төрт адам жараланды деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
Оқыс оқиға түнде 9-ықшам ауданда болған. Infiniti жүргізушісы жоғары жылдамдықпен келіп Toyota Prado және ВАЗ-2112 көліктеріне соқтығысқан.


ТЖД
Салдарынан үш көліктің де түгі қалмай өртеніп кетті. Қызыл жалынды ауыздықтауға 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.
Мамандар небәрі он минутта отты толық өшірді. Соған қарамастан күлге айналған көліктер қайта қалпына келтіруге жарамайды. Ең бастысы адамдар аман. Жүргізушілер мен жолаушылар апаттан кейін сыртқа шығып үлгеріпті. Қазір барлығы да Маңғыстау облыстық ауруханасына жетікзілді. Ал тәртіп сақшылары жол апатына кімнің кінәлі екенін анықтауда.
Бөлісу