Қазан қаласындағы мектепте атыс болды

Экспресс К

Бүгін таңертең Қазан қаласындағы мектепте атыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, шабуыл жасағандардың бірі ұсталды. Қазан қаласының No 175 гимназиясында болған атыс нәтижесінде сегіз адам қаза тапты: жеті мектеп оқушысы және бір мұғалім. Тағы 21 адам жарақат алды, олар қазір ауруханада.

Татарстан баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеті бала және бір мұғалім көз жұмған. Терроризмге қарсы ұлттық комитетт те 7 баланың көз жұмғанын хабарлады.

Жергілікті билік мектепке шабуыл жасаған 19 жастағы жігітті ұстады. Оның есімі Ильназ Галяев шабуыл жасамас бұрын telegram барақшасын кіріп, бірнеше хабарлама жариялады, деп хабарлайды @polkovnikt арнасы.

Ішкі істер министрлігі екінші шабуылдаушыға қатысты ақпаратты теріске шығарды. Қайғылы оқиғаға байланысты Татарстанда 12 мамыр аза тұту күні болып жарияланды. Атыс болған аумақ бақылауға алынды.

Оқиға орнында қаланың төтенше жағдайлар мен жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп жатыр. Прокуратура тексеруді бастады. Сондай-ақ білім мекемесінің ғимаратында жарылыс болғаны туралы да хабарланған.

Мектеп оқушылары мен қызметкерлері түгелдей эвакуацияланған. Қаза тапқандардардың арасында оқушылар мен ұстаздар бар.

-Сыныпқа тығылып қалдық. Есікті іштен құлыптадық. Бір кезде қатты жарылыс болып, атылған оқтың дауысы шықты.

деді оқиға куәгері мектеп оқушысы бірі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров