Алапат өрт жайында куәгерлер: «Түн сияқты қараңғы болды»

Express Qazaqstan

ТЖД

ЭК тілшісі өрттің қақ ортасында болғандармен әңгімелесті. 84 жастағы Нина Федоровна Пустовар Риддер қаласында Лесхоз ауылымен іргелес бес қабатты үйде тұрады. Өртке оранған жеке сектор оның үйінің артында ғана тұр.

Есім шығып кетті, екі сөмкеге құжат пен заттарымды жинадым. Мені алып кетуге немерем Илья келді, — дейді Нина Федоровна. — Мен мұндай сұмдықты бірінші рет басымнан бірінші рет өтті. Соғыста жүргендей. Құдай енді көрсетпесін.

Өрт бірден біздің үйлерге жетті, көрші үш үй де , барлығы өртеніп кетті

дейді Виталий Коробейников.

Ерлі-зайыптылар Коробейниковтар
Ерлі-зайыптылар Коробейниковтар

Ол да баспанасынан кенеттен айырылғандардың бірі.

— Күндіз үштерде біз зираттан келдік, айналадағы шөптер аздап жанып жатыр екен. Мен сөндіре бастап едім, кенеттен жел көтеріліп, үйден он метрге жердегі сарай өртене бастады, желдің қатты болғаны соншалық, жалын сарайдан үйге лезде тарап кетті. Біздің екі баламыз бар. Глеб 10 жаста, Алена сегізде. Мен шөпті сөндіріп жатқанда, әйелім құжат салынған сөмкені жинап, балаларды көлікпен қауіпсіз жерге алып кетті.

— Үйді былтыр бөліп төлейтін болып сатып алғанмын. Әлі қарызын да төлеп үлгермедім. Балаларым туыстарымыздың үйінде түнеді, ійелім екеуіміз достарымыздың үйін паналадаық.Әрі қарай не істерімді білмеймін. Бүгін олар облыс әкімімен кездесуге келеді деген. Не айтатынын көрерміз.

Виталий Коробейников әлеуметтік желіге мынадай хабарландыру жариялаған:

Жергілікті "Городок" газетінің редакторы Валерий Крушинский бұл Лесхоздағы бірінші өрт емес дейді:

— Бұл мен көрген үшінші өрт. Орманның айналасындағы құрғақ шөпті жыртпайынша, тағы өрт шығатынына сенімдімін. Ол жер әдемі, адамдар шашлык жасауға келеді, бірақ қауіпсіздік ережесі сақтала бермейді. Бірінші өрт емес, бірақ алғаш рет көп үй өртеніп, адамдар зардап шекті.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов тұрғын үй мәселесін толығымен шешу үшін билікке екі жарым ай уақыт қажет екенін айтты.

Риддерде салынып бітпеген бірнеше көпқабатты үйлер бар, оларды біз сатып алып, құрылысын аяқтауды межеге алып отырмыз. Бұл баспаналар кірпіштен жасалған, бүгін кездесуден кейін біреуінің жағдайын жеке өзім барып көрдім.

Ахметов құрылыс компанияларымен бірге әкімдік қалған үйлердің жағдайын бағалайды деп уәде берді. Ал егер біреу көп қабатты тұрғын үйден бас тартып, өз үйін жөндеп алғысы келсе, жөндеп береміз. Құжаттарды қалпына келтіру мәселесімен полиция бөлімі мен ХҚО айналысады. Мүлік шығынын бағалау үшін арнайы комиссия жауап береді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров