Алматы облысында екі адам парапланнан құлады

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Алматы облысында парапланнан құлаған екі адам аурухнаға жеткізілді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Төтенше оқиға Шамалған ауылында болған. Әлеуметтік желіге таралған видеода парапланның жерге жоғары жылдамдықпен келіп соғылғанын анық байқауға болады.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, экстремалды спортты сүйетіндер ауа ағынына түсіп, парапланды басқара алмай қалған. Тіпті электр желілерін де үзіп өтіпті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 9 мамыр күні Қарасай аудандық ауруханасына парапланнан құлаған екі науқас түскен. 1971 жылға азаматқа қосарлы жарақат, миы шайқалған, жабық бас-ми жарақаты диагнозы қойылған. Ал, 2004 жығы екінші науқастың бас сүйегі мен омыртқасына зақым келіпті. Қазір екеуі де ақ халаттылардың бақылауында.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров