Бүгін - Әлкей Марғұланның дүниеге келген күні

Express Qazaqstan

Әлкей Хақанұлы Марғұлан

Бүгін қазақтың ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы, ғалым энциклопедист, шығыстанушы Әлкей Хақанұлы МАРҒҰЛАН дүниеге келген күн. Қазақ ССР ғылым академиясының академигі 1904 жылы 11 мамырда Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған.

Ол ауыл мектебінде сауатын ашып, кейін Семей педагогикалық техникумын, Ленинградтағы шығыстану институтын және Мемлекеттік материалдық мәдениет тарихы академиясының аспирантурасын тәмамадаған. Әлкей Марғұлан бала кезінде "Қозы Көрпеш –Баян Сұлу", "Алпамыс" секілді жырларды жатқа айтатын.

Академик қазақ өркениеті, тарихы мен мәдениетінің өрістеуіне үлкен үлес қосты. Оның, әсіресе, Сырдария, Талас және Шу өзендерінің бойындағы көне қалалардың мәдениетін зертеп табуы зор ғылыми жетістік саналады. Сонымен қатар, Әлкей Марғұланның мол мәдени мұрасының бір парасын Абай, Шоқан секілді тұлғалары жайлы зерттеулері құрайды. Бір ғана ұлттың емес, әлемдік өркениетке сіңірген еңбегінің дәлелі болар ЮНЕСКО шешімімен 2004 жыл Әлкей Марғұлан жылы деп жарияланды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров