Семейдегі көне ғимарат тарихи ескерткіштер қатарына енгізілмек

Express Qazaqstan

Семей, Ғимарат

Қала орталығындағы он тоғызыншы ғасыр жәдігерінің сақталуы қоғамдық кеңесте талқыланады, деп хабарлайды Экспресс-к.

Өткен аптада қаладағы "Прииртышье" өлкетану қоғамы ғимараттың қорғалуына байланысты қала әкіміне ашық хат жолдаған. Хатта ғимарат иесі нысанды бұзып тастап, орнына сауда орынын салады делінген. Осыған орай, арнайы топ қала басшы Нұрымбет Сақтағановтан ғимаратқа тарихи мәртебе беруді сұраған.

Павел Жуков, "Прииртышье" өлкетану қоғамының мүшесі:

Павел Жуков
Павел Жуков

— Бұл ғимараттың техникалық құжатында 1844 жылы салынған деп тұр. Яғни, бұл он тоғызыншы ғасырға жататын жәдігер. Өткен аптада біз бұл ғимараттың күл талқаны шығар сәтте жетіп үлгердік.

Қаладағы мәдениет және тілдерді дамыту маманының айтуынша, бұл мәселе ертең қоғамдық кеңесте көтерілетін болады. Егер жергілікті кеңестен қолдау тапса, бұл сұрақ облыстық деңгейде талқыланады.

Назерке Аққожина, Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

Назерке Аққожина
Назерке Аққожина

— Ғимарат жеке меншіктің иесінде болғандықтан, қаладағы мәдениет және тарих нысандар қатарына кірмеген. Қазір біздің тарапымыздан ғимаратты ескерткіштер қатарына қосу бойынша, жұмыстар жүргізіп жатыр. Комиссияның шешімі шыққанға дейін, меншік иесі ешқандай құрылыс жұмыстарын жүргізуге құқығы жоқ.

Айта кетейік, шахарда 67 мәдениет және тарих нысан бар. Он тоғызыншы ғасырға жататын жәдігер кезінде көпес үйі болыпты.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров