Ақтөбеде мектептер аралас форматта оқытуға көшті

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

11 мамырдан бастап Ақтөбе облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, жалпы білім беру ұйымдары аралас форматта оқытуға көшті. Контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық 244 мектеп сыныптағы балалар санын 25-тен асырмай дәстүрлі форматта оқытады. Оқушылар контингенті - 24222 . 161 мектеп сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта білім береді.

Ал Ақтөбе қаласындағы үш ауысымда білім беретін 6 мектеп және бір мектеп күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталмауына байланысты аралас форматқа көшті. Алайда бұндай шешім ата-аналар тарапынан наразылық, түсінбеушілік тудырып отыр. Облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан бұндай шешімнің қабылдауына бірнеше себеп бар екенін айтты.

— Біріншіден, 6,7,8 кластар жыл бойы тек қана қашықтан оқыды. Оқу жылының соңында оқушылардың білімін бекіту, өткен материалдарды қайталау мақсаты қойылып отыр. Сонымен қатар бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) жүргізіледі. Оқушылардың пәндер бойынша тақырыптарды игеру деңгейі анықталады.

Екіншіден, білім олқылықтарын жою, білімнің сапасын арттыру және осы оқу жылында түрлі шектеу шаралары кезінде босаңсыған білімдерді толықтыру бағытында ұйымдастырылатын жазғы мектеп жұмысымен таныстырылатын болады. Жазғы мектептің жұмысы ата-аналардың өтініштері негізінде 26 мамырда басталып, 19 маусымға дейін жалғасады,-деді басқарма басшысы.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров