Жоғалған бала демде табылды

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Қызылорда полицейлері жоғалған баланы 1 сағатта тауып, ата-анасына табыстады,- деп жазады "Экспресс К"

Қызылордаға жергілікті тұрғын хабарласып, небары 5 жастағы баласын үй маңында ойнап жүріп, қайта үйіне оралмағаны туралы арызданды. Жоғалған баланы табуға ПБ-ның бүкіл жеке құрамы мен ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Полицейлер қала ішін көліктерімен аралап, учаскелік полиция инспекторлары көшелердің арасындағы қуыстардың барлығын түгелімен тінтіді. Осылайша жедел жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде бүлдіршін бір сағаттың ішінде табылды. Тәртіп сақшылары баланы аман-есен тауып, ата-анасына табыстады.

Дін аман табылған бүлдіршіннің анасы 102-ге хабарласқан сәттен бастап, бірден іздестіруге кіріскен және кәсібилік пен жеделділік танытқан полиция қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.

— Кішкентай баламның үйдің жанында ойнап жүрген жерінен таба алмай қалдық. Өзіміз жақын жерлердің барлығын іздедік, көршілерден сұрадық. Ешкім көрмегенін айтты. Содан соң бірден полицияға хабар бердік. Олар тез арада келіп, іздестіруді бастап кетті.Баламызды аман есен тауып берген полицейлерге алғысым шексіз-деді анасы.

Қызылордалық полицейлері тұрғындарды бала тәрбиелеу кезінде жауапкершілік танытып, көзден таса етпеу керектігін ескертеді. Әсіресе тілі шықпаған бүлдіршіндерді жасы үлкендердің қарауына сеніп тапсырып, бақылауда ұстау қажеттігін айтады. Әр ата-ана өз баласына деген жауапкершілікті жіті түсінгені жөн. Егерде сіздің балаңыз немесе жақыныңыз із-түссіз жоғалып жатса, онда уақыт өткізбей тез арада полицияның 102 нөміріне қоңырау шалыңыз. Қала полицейлері жоғалған жанды жедел табу үшін іздестіру шараларын атқаруға әрдайым дайын, — деп хабарлайды Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров